ыы
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Молқыбаева Күлсара Изенбайқызын құттықтады. Қиын-қыстау кезеңде аянбай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Оның маңдай терімен келген еңбегі – бүгінгі бейбіт күніміздің негізі. Бүгінгі ұрпақ – сол жанқияр ерліктің куәсі әрі жалғастырушысы. Тарихты құрметтеу – болашаққа деген жауапкершілік! #ТылАрдагері #ЕрЕңбегіЕлЖадында #ЖеңісКүні #Музей #Құрмет
Бүгін Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, “Ерлікке тағзым” атты Республикалық акция аясында Катонқарағай ауданының Қабырға ауылы маңындағы ескерткішке тазалау жұмыстарын жүргізді. Музей қызметкерлері ескерткіш маңын тазалап, жөндеу, сырлау жұмыстарын жүргізіп қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа отансүйгіштік рухын сіңіруге жол ашады. ⠀ Бұл игі бастама – ерлердің есімін ұмытпай, олардың рухына құрмет көрсету. Ұлы Отан соғысында жанын қиған бабаларымыздың ерлігі – мәңгілік жадымызда. ⠀ #БерелМузейі #ҰОС80жыл #ЕрліккеТағзым #ТарихтыҚұрметте #ҰрпақПарызы
2025 жылдың 17 сәуірінде Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хамзаевич Хусаинов Катонқарағай ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан активімен кездесу өткізді. Іс-шараға «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ны директорының м.а А.Сарбасов қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының және «Заң мен тәртіп» нарративінің негізгі ережелерін түсіндіру болды. Кездесу барысында Роман Хусаинов қоғамда сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастырудың, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудың нақты мысалдары ұсынылды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Берел қорғандары аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл күннің мақсаты — бүкіл әлем бойынша мәдени мұраларды сақтау, қорғау және оларға деген құрметті арттыру. Ескерткіштер мен тарихи орындар — әрбір ұлттың өткенінен сыр шертетін асыл қазыналары. Сол себепті бұл күн тарих пен мәдениетті бағалау мен болашақ ұрпаққа жеткізу қажеттігін еске салады.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Катонқарағай ауданының , Қайыңды ауылында орналасқан “Қайыңды орталау мектебінде” тарихи-танымдық сабағын өткізді.

Онлайн кім

Қазір 256 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр