ыы
16 желтоқстан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Катонқарағай ауылдық мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында ауданның экономикалық - әлеуметтік әлеуетін жоғарлату мәселелері бойынша аудан басшысы Данияр Бекқазыұлы сөз қозғады. 2024 жылы атқарылған жұмыстарды баянадап, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының атынан тәуелсіздіктің құрдасы , бас қор сақтаушы Сегізбаева Жәния Мейірқызы қатысты. Жәния Меиірқызы музей-қорықтың дамуы мен тарих пен мәдениетті насихаттау жолында еңбек етіп, өз үлесін қосуда. Дөңгелек үстел мерекелік концертке ұласты.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жауапты өкілі Ерланова Жанат Ерлановна 9-желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне қарсы отырыс өткізді. Отырыс барысында кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік этика кодексін сақтауды бақылау бойынша талқылау жүргізілді.
2024 жылдың 6 желтоқсанында сағат «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде» «Көшпелі тайпалар тарихы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Аталған көрменің мақсаты: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мыңдаған жылдар бойы сақталып келген құнды жәдігерлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, ата-баба мәдениетін барша жұртшылыққа паш ету, шығыс өңіріндегі осындай аса құнды жәдігерлерді «Көшпелі тайпалар тарихы» көрмесі арқылы таныстыру және қазақ жерін мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеттерімен хабардар ету. ⚜️Көрмеде музей-қорына Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылып, өткізілген 100-ге жуық жәдігер ұсынылады.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Өскемен қаласының “N47 жалпы білім беретін мектебі ” КММ-сі мен бірлесе “Көшпелі тайпалар тарихы” атты іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар жылжымалы көрмемен танысты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК -сі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ мен бірлесіп экскурсиялық сабақ өткізіп, жылжымалы көрме жәдігерлерімен таныстырды. Тақырыбы: Көшпелі тайпалар тарихы Мақсаты: 1. Көшпелі тайпалар тарихының маңыздылығын айқындау және олардың қазіргі қоғамдағы рөлін көрсету. 2. «Берел» музей-қорығынан табылған археологиялық жәдігерлерді насихаттау.
“Берел” музей-қорығы Өскемен қаласының “Абай атындағы N33 орта мектебі” КММ-сі мен бірлесе ұлттық құндылықтарды, тарих пен мәдени мұрамызды дәріптеу мақсатында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылары “Көшпелі тайпалар тарихы” атты жылжымалы көрмемен танысты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы № 410-V Заңына және « Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы РМҚК2024 жылдың 26 қарашасынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғандығы туралы хабарлайды.

Онлайн кім

Қазір 265 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр