«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері 2025 жылдың 22-27 сәуірі аралығында ҚР ҒжЖБМ ҒК «AP23486716 – Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» гранттық жобасы аясында, Алтайдан Түркияға қоныс аударған қазақтар арасында сақталған таңба-белгілерді анықтау мақсатында, Түркияның Ыстанбұл қаласына іссапарға барды.
Іссапар барысында Ыстанбұлдың қазақтар шоғырланған Зейтінбұрны ауданындағы Қазақ түркілері қорына (Kazak türkleri vakfı) барып жергілікті ақсақалдардан және Түркі әлемі зерттеулері қорының бас директоры, қазақтың керей руының тумасы Саадет Пынар Йылдырым (Türk Dünyası Araştırmaları Vakfı Genel Müdürü Saadet Pınar Yıldırım) ханымнан сұхбат алынды.
Музей қызметкерлері сондай-ақ, Қызмет қоры (Hizmet Vakfı), Түркі зерттеулері институты (İstanbul Üniversitesi Türkiyat Araştırmaları Enstitüsü), Ридван Челикел атындағы археология музейі (İstanbul Üniversitesi Rıdvan Çelikel Arkeoloji Müzesi) мекемелеріне, Ыстанбұлдың қазақтар жерленген Ескі Козлу (Eski Kozlu Mezarlığı), Силиврикапы (Silivrikapı Mezarlığı), Гүнешлі (Güneşli Mezarlığı) зираттарына барып деректер жинастырып шықты. Іссапар нәтижесін ағымдағы жылы ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынатын ғылыми басылымда жариялау жоспарланып отыр.
https://www.berel-museum.kz/kz/nauka/kalendar-sobytij.html#sigProIde8b4e8b671