ыы
✅“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Берел орта мектебінің оқушыларына “Көшпелі тайпалар тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. ❇️ Біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырлар аралығындағы осы өлке тұрғындарының әлеуметтік-мәдени дамуы мен дүниетанымының қайталанбас ерекшеліктерін археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер көрсетеді.
“Берел” музей-қорығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдайды. Арайлы Катонқарағай газетінің жаңа санында толығырақ👆

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 2024 жылды қорытындылау жиналысы өтті. 

Музей-қорық директорының м.а А.Т.Сарбасов 2024 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, қызметкерлерге алғыс айтты. 

Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер мекеме басшысының және де кәсіподақтың мараппаттарына ие болды. 

Алдағы уақытта да тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі, ғылыми-ағарту және насихаттау жұмыстары жалғастырылатын болады. 

2024 жылдың 26 желтоқсанында “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары аяқталып, аналитикалық анықтамаға қол қойылды.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен “Ел Тәуелсіздігі” атты сабақ-көрме Катонқарағай ауданы бойынша ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара Катонқарағай ауылының “С.Ластаев атындағы орта мектебі” КММ-сінде өткізілді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы мәдениет саласындағы оң жетістіктерді (археологиялық) оқушыларға жеткізу мақсатында ел тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер таныстырылды. “Берел” музей-қорығының қорынан қойылған 20-ға жуық құнды жәдігерлер оқушылар назарына ұсынылды.

16 желтоқстан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Катонқарағай ауылдық мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында ауданның экономикалық - әлеуметтік әлеуетін жоғарлату мәселелері бойынша аудан басшысы Данияр Бекқазыұлы сөз қозғады. 2024 жылы атқарылған жұмыстарды баянадап, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының атынан тәуелсіздіктің құрдасы , бас қор сақтаушы Сегізбаева Жәния Мейірқызы қатысты. Жәния Меиірқызы музей-қорықтың дамуы мен тарих пен мәдениетті насихаттау жолында еңбек етіп, өз үлесін қосуда. Дөңгелек үстел мерекелік концертке ұласты.

Онлайн кім

Қазір 120 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр