ыы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысты.
“ҚАЗАҚЫ ҚАРА СӨЗДІҢ АЛДАСПАНЫ” ҚАЛИҚАН ЫСҚАҚТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ КАТОН-ҚАРАҒАЙ АУЫЛЫНДА ӨТТІ. Бұл конференцияда “Берел” музей-қорығының қорынан көрме ұйымдастырылды.
⚜️ 15 наурыз - Қайрымдылық күні. Қайрымдылық - қоғамды біріктіретін құндылық. Наурызнама аясында Қайырымдылық күнін атап өту – Ұлы Даланың көне дәстүрлерін бүгінге жалғау. Бұл күні “Берел” музей-қорығы Катонқарағай ауданының тұрғыны Кумпеисова Майра апамызды мерекемен құттықтап қайтты. ⚜️ Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.
“Берел” музей-қорығының ұжымы Сіздерді көрісу күнімен құттықтайды. ⚜️Көрісу – тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу ғана емес, ата-бабадан қалған рухани байланыстарды нығайтатын ерекше дәстүр.
⚜️ Көрісу күні – қазақтың рухани жаңғыруының, өткенге құрметінің, болашаққа деген сенімінің символы.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Мемлекеттік сатып алу маманы Шалқар Аскарович Жумаханов «2025 жылғы өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік сатып алу: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу. Мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің сатып алу қызметін құқықтық реттеу және тиімді ұйымдастыру. Міндеттемелерді орындау бойынша тәуекелдерді анықтау және алдын алу жөніндегі практикалық аспектілер» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты. Курстың ұзақтығы : 16 академиялық сағатты құрады. 

Who's Online

We have 229 guests and no members online