ыы
⚜️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы туристтік маусымның жабылуына орай Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дюсембаевтың алғыс хатымен марапатталды. 
 
✅ “Берел” музей-қорығының ұжымының атынан алғыс білдіреміз! 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына жаңадан тағайындалған аудан әкімі Данияр Дүйсенбаев болып қайтты. Аудан әкімі “Берел” музей-қорығының жұмысы және экспозициялық залдарымен танысып, сонымен қатар әлемге әйгілі Патшалар жазығын тамашалады. 

✅Данияр Дүйсенбаев туризімді қарқынды дамыту мақсатында инфрақұрылымдарды және де музей-қорыққа дейінгі жолды жақсартуға өз үлесін қосып, көмек көрсететінін жеткізді. 

✅Бүгінде “Берел қорымы” Қазақстанда органикалық заттар сақталған жалғыз ескерткіш. 

“Берел” музей-қорығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Сәдібек Түгелге музей-қорық бойынша тақырыптық экскурсия жүргізілді. Жазушы экскурсия соңында “Қазанат” атты авторлық кітабын “Берел” музей-қорығының кітапханасына сыйлады. Сәдібек Түгел 1955 жылдың 23-ші ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Құрметті азаматы.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын Түркия Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Түркия Президенті жанындағы Телерадиокомпаниясы делегациясының мүшелері тамашалады.

Түркия Президентінің қолдауымен “Түркілер мұрасы” жобасы аясында деректі фильімге материалдар жинақтау мақсатында делегация мүшелері, Қазақстанның мәдени мұрасы мен археологиялық нысандары, сонымен қатар, музейлерде түсірілім жүргізіп, сұхбат алуда. 

“Берел” музей-қорығына келген делегация музей-қорықпен қатар ашық аспан астындағы номері 11 қорғанмен танысып, директордың м.а Алмас Тлеужанұлынан сұхбат алды. 

Алмас Тлеужанұлы сұхбаты барысында арехолог , ғалым, Берел қорғандарының авторы Зайнолла Самашевтің ерен еңбегін аттап өтті. 

Зайнолла Самашұлының басшылығымен жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде 1998-1999 жылдары қолдан жасалған мәңгі мұздықтағы № 11 «Патша қорғанынан» сақ көсемі мен әйелдің және ер тоқымымен бірге жерленген 13 жылқының мүрдесі, оған қоса патшаның салтанат киімі, мініс аттардың ат әбзелдері, ағаштан, былғарыдан, киізден аң стилінде жасалған мыңнан астам қолөнер жәдігерлері табылғандығы баяндалды.

Бұл жоба аясында 17 томдық кітап шығару жоспарланған, соның бір томы Қазақстан Республикасына түркі тілдес ортақ халық ретінде арналмақ. 53 мемлекеттің ішінде Қазақстан 11 -ші ел болып табылады. 

Жобаның режиссерлері - Мехмет Балабан, Фатих Сезгин. 

“Берел” музей-қорығының ұжымы “Түркі әлемінің алтын бесігі алтын Алтай” жеріне келген делегация мүшелеріне алғыс білдіріп , алдағы уақытта түркі қауымдастығымен байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіреді.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ҚР Мәдениет және ақпрат министірлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітова болды. 

Күміс Қарсақбайқызы “Берел” музей-қорығының жұмысымен танысып, музей-қорық бойынша экскурсия жүргізілді. “Обаларды жүйелі түрде зерттеу Зайнолла Самашевтың есімімен тікелей байланысты екенін”,- экскурсиялық қызмет көрсету басшысы Азат Мамырбекұлы айтты. 

Мәдениет комитетінің басшысы өз сөзінде еліміздің мәдениеті мен тарихын, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дамытуға елеулі еңбек сіңіріп жүрген  музей саласы мамандарына жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсету жүйелі түрде жалғаса беретінін айтты.

Кездесу соңында Күміс Қарсақбайқызы «Берел» музей-қорығының «Тілек кітабына» қолтаңбасын қалдырып, музей ұжымына табыс тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Who's Online

We have 54 guests and no members online