ыы

Ағымдағы 2024 жылдың шілде айында ҚР МжА министрлігінің BR22082476 - «Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық тарихи-мәдени мұрасы: археологиялық зерттеулер, қорғау, 3D сандау және мұражайландыру жобалары» атты БНҚ жобасы аясында құрамалы археологиялық топтың кешенді ғылыми жұмыстары бастау алды, жүргізуші ұйым ҚР МжА министрлігінің «Берел» МТМҚМ.

Зерттеулердің ғылыми жетекшісі - SDU доценті, PhD Е.М. Кариев, бас ғылыми кеңесші - К. Жубанов ат. АӨУ-нің доценті, т.ғ.к. А.А. Бисембаев. Далалық зерттеу жұмыстарына, «Берел» МТМҚМ ғылыми қызметкерлерімен қатар, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-нің ғалымдары – Д.Т. Тілеуғабылов, «Anique» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері М.Д. Хамитов, «Алтай​Археология» ЖК маманы В.В. Хомайко, сондай-ақ SDU, К. Жубанов ат. АӨУ, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, AIU және С. Аманжолов ат. ШҚУ студенттері мен магистранттары қатысуда.

ҰҒК бекіткен күнтізбелік жоспарға сай 2024 жылдың ғылыми ізденістері ШҚО-ның Катон-Қарағай и Үлкен Нарын аудандарының шегінде жүзеге асырылуда. Жоба міндеттерін жүзеге асыру аясында ауқымды барлау жұмыстары жүргізілуде және қазіргі таңда 20-ға жуық бұрын-соңды есепке алынбағын кең мерзімдік шекті қамтитын сан-алуан сипаттағы ескерткіштер – жерлеу-аза тұту нысандары, қоныстар, форпост (төрткіл?) және этнографиялық заманнын қазақ қыстаулары айқындалды. Сонымен қатар ғылымға бұрыннан белгілі 10 шақты тарихи-мәдени ескерткіштердің қазіргі күйін анықтауға бағытталған мониторингті жұмыстар жолшыбай атқарылған болатын.

Қазіргі уақытта әр-түрлі тарихи кезеңге жататын – қола және ерте темір дәуірлерінен этнографиялық заманға дейінгі кезеңді қамтитын 14 ескерткіште, соның ішінде ЕТД қонысы (металлургиялық орын), XIX ғ. соңы – XX ғ. басы қазақ қыстауы және 12 жерлеу-аза тұту орнында қазба жұмыстары жүргізіліп, бірқатар құнды олжа табылғанын айта кету керек – ерте сақ және көне түркі заманының ат әбзелдері, ерте сақ заманының қыш ыдысы (бұл өз кезегінде майемер және большереченск мәдениеттерінің өзара ықпалы мен өмірлесу мәселелерінің бірқатар жәйттарын қайта қарауға мүмкіндік беруі ықтимал), пазырық мәдениетінің зергерлік және қарапайым әшекей бұйымдары, ерте түркі заманының белдік айылбасы (органика бөлшектері – былғары, жібек және екі кейіпкерден тұратын сюжет бар), латын тіліндегі (?) жазуы бар тиын, жебе ұштары, қимақ заманының жапсырмалары, ресей империясының XX ғасыр басындағы тиыны (шолпы ретінде пайдаланған) және тағы басқа.

Барлау және қазба жұмыстарымен қатар жергілікті халық, билік өкілдері мен жериеленушілермен тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және насихаттау аясындағы жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Зерттеу тобының өкілдері туған өңірінің тарихына оң көзбен қарап, ғылыми ізденістерге жан-жақты көмек көрсетудегі аталған аудандардың азаматтарына, әсіресе, Аққайнар ауылының маңындағы құнды және бірегей ескерткіштерге жол сілтеген Серікқан Әлпешұлы Құрмановқа өзінің шексіз алғысын білдіреді.

Бұқтырма өзенінің алқабындағы Қазақ Алтайының ескерткіштерінің сан-алуандығы және байлығы таңғалдыратыны сөзсіз және осы өңірдің әлі де толыққанды зерттелмегенін, әсіресе, көрші РФ, КХР және Моңғолиямен салыстырғанда қоныс сипатындағы ескерткіштердің мүлде назардан тыс қалуын мойындау керек.

Аталған жоба аясында қазіргі күндегі нәтижелері өңірдің айтарлықтай зор ғылыми әлеуеті туралы анық айтып тұр.

Ғылыми жұмыстар жалғасуда…

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің BR22082478 «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» атты ғылыми жобасының «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығындағы отырысы.

Жоба жетекшіс:і PhD докторы Самат Самашев. 

Қазақстанның танымал әншісі термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты- Мейрамбек Беспаев, өзінің өнерде жүрген достарымен бірге Берел музейінде. Экскурсия барсында музейдің экспозиция заладрында ораласқан органикалық жәдігерлерді және №11 оба ашық аспан астындағы музейді тамашалап тәнті болды. Танымал өнер азаматтарын музейімізде көргенімізге ризамыз. Бүгінгі таңда Берел – Қазақстан аумағындағы органикалық заттар сақталған жалғыз ескерткіш.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған нысаналы қаржыландыру аясында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы BR22082478 «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» атты ғылыми жобасын жүзеге асыруда. Қазақ Алтайының ежелгі көшпенділерінің символикалық және таңбатәріздес белгілерін жинау мақсатында далалық зерттеулер жүргізілуде. Ғылыми жоба аясында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан,Күршім,Тарбағатай, Катонқарағай аудандары қамтылады. Жоба жетекшісі: Самат Самашев.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа Елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен "әлем қаласы" атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

География-тарих мамандығының ГИ-101 тобының студенттері Қалибекқызы Анель,Ожарова Аружан,Сапаков Ернар, Айкежанов Ернұр мәдени мұрамызды насихаттауға ат салысу үстінде.

Who's Online

We have 54 guests and no members online