«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Музей-қорықтың заңгері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты өкілі Асемгуль Орынбеккызы Орынбекованың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға Катонқарағай ауылының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел парасат жолы орталығында өтті. Іс-шараның соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін арттыру туралы мәселелерді талқылады.

View the embedded image gallery online at:
https://www.berel-museum.kz/en/adaldy-ala-y.html#sigProIdcebce5fd2a

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК –нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс –қызметі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндетін орындауды Ерланова Жанат Ерлановнаға оның келісімінің негізінде, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының м.а. А.Сарбасовтың 2021 жылдың 24 қарашасындағы № № 28-ж/қ бұйрығымен тапсырылған болатын. Комплаенс-қызметкерінің басты мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы» 19.12.2020 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен;) заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету барысында және «Адалдық алаңы» жобасының жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының м.а. А.Сарбасовтың 2020 жылдың 4 желтоқсанындағы № 40-ө бұйрығымен «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде халыққа кеңес беру мақсатында азаматтарды қабылдау үшін құрылған комиссия құрамы:

— Ж.Елемесова – комиссия төрағасы

— А.М.Мухтарханов – комиссия мүшесі, жауапты өкілі

— Ш.Жұмақанов – комиссия мүшесі

— Н.Аманқұл – комиссия мүшесі

— С.Сегизбаева – комиссия мүшесі

— М.Қабдуалиева – комиссия мүшесі

 «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК — «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде құрылған комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруды және қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын істеуін қамтамасыз ету, келіп түскен өтініштер мен жолдауларды талдау, кәсіпорынның электрондық ресурстарында ақпарат беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарын жүргізетін болады.

БІЗГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» – Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің сенім телефондары:

 +8-723-422-92-55,

+8-723-422-91-91

+8-723-422-95-29

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК — «Адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында азаматтарды қабылдау кестесі

Қабылдау жүргізетін құзіретті тұлға

Лауазымы

Мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық почта

Қабылдау күндері

Қабылдау уақыты

 

1

Елемесова Жанар Қайратқызы

Ғылыми зерттеу бөлім басшысы

Жампеисов көшесі, 19 үй. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Дүйсенбі

10:00-12:00

 
 

2

Мухтарханов Азат Мамырбекұлы

«Берел» қорғандарын қорғау және экскурсиялық қызмет бөлімінің басшысы

Жампеисов көшесі, 19 үй. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сейсенбі

10:00-12:00

 

3

Жұмақанов Шалқар Аскарович

Мемлекеттік сатып алу маманы

Жампеисов көшесі, 19 үй.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сәрсенбі

10:00-12:00

 

4

Аманқұл Нұрсұлтан Баймырзаұлы

Саяхат жетекшісі

Жампеисов көшесі, 19 үй.

nur.sultan1234567@.ru

Бейсенбі

10:00-12:00

 

5

Қабдуалиева Мөлдір Сьездқызы

Саяхат жетекшісі

Жампеисов көшесі, 19 үй. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жұма

10:00-12:00

 

 

 

«Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде құрылған комиссиясының алғашқы отырысы өтті

 

 

2020 жылының желтоқсан айының 4 жұлдызында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМКҚ-ның «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде құрылған комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Директорының м.а. А.Сарбасовтың бұйрығымен бекітілген құрам таныстырылды. Комиссияның жұмыстық нұсқауы, қабылдау күндері мен сағаты, кестесі бекітілді. Қорық-музей ұжым өкілдерінің алдында «Адалдық алаңы» жобасының маңыздылығы мен мақсаттары түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайластық сананы шайқалтатын құбылыс.

Сәуір айының 2 күні жоспар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде» дөңгелек үстел болып өтті. Еліміздегі әрбір адам білуге қажетті ұлтжандылық пен елге деген сүйіспеншіліктің, адами қасиеттің сұйылуынан ба, елімізде етек алған жемқорлық сананы улап, қандай шаралар қолданылсада тоқтамай тұрғаны аян. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел және оның салдары мен болдырмау жақтарын баса назарда ұстады. Қоғам арасында жүрген әрбір адам білуге қажетті мәселелер талқыланып, мекеме ішіндегі заңда қарастырылған нұсқаулар ерекше аталынып өтті.

 

 

“Адалдық алаңы” жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен “комплаенс - қызметтерді ұйымдастыру жолдары”

“Адалдық алаңы” жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен “комплаенс - қызметтерді ұйымдастыру жолдары” тақырыбында “ZOOM” платформасында жиын өтті. 

Жиын барысында, Комплаенс - қызметтерді ұйымдастыру кезеңінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары және өзге де құқықтық актілерді негізге ала отырып, жүйелі жұмыс жүргізу тәртібі түсіндірілді.

Who's Online

We have 118 guests and no members online