- Информация о материале
- Автор: admin
«2022 жыл Қазақстандағы балалар жылына» орай, «21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» қарсаңында, «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектеп» КММ-нің 9-10 сынып оқушыларына «Беделі бағаланған - Берел» атты тарихи - танымдық сабақ өткізілді.
Басты мақсат: Ежелгі көшпелілер өркениетінің алтын бесігі – Алтайдың биік таулы аңғарындағы, Берел аймағында орналасқан, "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығының" құрылу тарихы мен археологиялық қазба жұмыстарының маңыздылығын түсіндіру болды.
«Тоң басқан обалар кереметі» іс-әрекетінің негізінде оқушылардың бойында Берел қорғандарының тарихи тағдырына деген құрмет қалыптасты. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларға кәдесыйлар табысталды.
- Информация о материале
- Автор: admin
21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын!
- Информация о материале
- Автор: admin
18 - сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні.
Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері тарихи ескеткіштерді қорғау күніне орай, музей аумағы мен қорғандардың айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.
- Информация о материале
- Автор: admin
Жер-дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын! Барлықтарыңызға татулық, береке - бірлік тілейміз. Ұлыстың ұлы күні елімізбен жерімізге құт - береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!
«Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай, Катонқарағай ауылдық орталық алаңында киіз үй тігіліп, «Алтын адам» атты көшпелі көрме ұйымдастырылып, дастархан жайылды.



- Информация о материале
- Автор: admin
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Мейірімділік пен қамқорлық халқымызда ата - бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл қасиетіміз. Қайырымдылыққа арналған іс-шаралар мен жобалар елімізде көптеп кездеседі.
Осы сияқты қайырымдылыққа толы іс-шараны «Берел» мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығының» музей қызметкерлері жылдағы дәстүр бойынша, «Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі» аясында, «Игі істер» күніне орай, Катонқарағай ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға сыйлықтар беріп, алғыстарын алып қайтты.



- Информация о материале
- Автор: admin
Бүгін 16 наурыз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Президент бұл жолғы Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Мемлекет басшысының Жолдауын «Берел» мемлекеттік тарихи - мәдени музей-қорығы» ұжым болып тыңдап, алға қойған міндеттерге ден қойып, талдау жасалды.

На сайте
Сейчас на сайте 222 гостя и нет пользователей