ыы

Ақдала қорымы Бұқтырма өзенінің оң жағалауында, Аққайнар ауылынан шығысқа қарай 16 км жерде, Аққайнар-Берел жолының солтүстік жағында орналасқан. Қорымнан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде Қызылжұлдыз ауылы, оңтүстік-шығысқа қарай 6 км Еңбек ауылы орналасқан.

Қорым салыстырмалы түрде тегіс жерде орналасқан, батыс жағында Ақмарал елді мекеніне апаратын жол бар. Қорымның батысы мен солтүстігінен тау жоталары орналасқан. Зираттың аңғары қазір шабындық ретінде пайдаланылады, кеңестік дәуірде Қазақстанның көптеген алқаптары мен егістіктері сияқты жыртылып, дәнді дақылдар егілген болса керек.

Жоба жетекшісі: Самашев З. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитеті жобасы аясында дайындалды.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Берел” мемлекеттік тарихи - мәдени музей - қорығы «Бірлігіміз жарасқан» атты кітап көрмесін өткізді. Көрмеге музей қорының кітаптары қойылды.

1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК қызметкерлерінен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында сауалнама алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс қызметінің жауапты тұлғасы қызметкерлерді квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы үлгілік ережемен таныстырды.

Зерттелген Берел ескерткіштерінің ішінде сяньбилердің осында болған кезеңіне жататын 81-нысан бірге жерленген әшекейлердің байлығымен ерекшеленеді.

Сүйек тарақ – қыздың әшекей элементтерінің бірі. Тарақ көп тісті, кішкентай ұзын тістері бар. Тістер ортасынан басталады, ұзындығы – 4,5 см, ені – 0,3 см.Тарақ ұзындығы – 9,5 см, ені – 7 см.Тарақ пішіні трапеция тәрізді, үстіңгі жағында тесігі бар. Тістерінің саны - 15 дана. Б.з. II - V ғғ. 

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған. 

Алтын жұқалтырдан ойылған аппликация.

Қарама-қарсы бұлан-грифондары бейнеленген алтын жұқалтырдан жасалған өнер туындысы. Пазырық мәдениетінің барлық ауқымындағы ескерткіштерге тән. Б.з.д. lV-III ғғ. №  2 Қорған. Берел, 2016 жыл. 

Жоба жетекшісі: Самашев З.

Музей қорына өткізіліп, қабылданды. Қазіргі таңда келушілер назарына ұсынылған. 

На сайте

Сейчас на сайте 131 гость и нет пользователей