🐎 БЕРЕЛ ҚАЗЫНАЛАРЫ

Катонқарағай ауданың “Қайыңды негізгі орта мектебінде” тарихи-танымдық сабақ өтті.

«Сақ тайпаларының тарихы» тақырыбында 5 сынып оқушыларына арналған тарихи-танымдық сабағы Катонқарағай ауылы «С.Ластаев атындағы орта мектебі» КММ-де өтті.

2024 жылдың 10 қаңтарында “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Катонқарағай ауданының “Қызылжұлдыз орта мектебінің” 5-9 сынып оқушыларына “Көшпелі тайпалардың тарихы” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің Өрел шекара бөлімінің сарбаздарына арнайы тарихи-танымдық экскурсия жүргізіліді.

🗓️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметерлері , “Рыков атындағы орта мектепбі” КММ-де «Қазақ Алтайы кітап бетінде» атты кітап көрмесін өткізді. 

✅ Көрмені 6-11 сынып оқушыларды тамашалады. 

«Берел құпиялары» - «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде»!

🗓️ 2023 жылдың 6 желтоқсан күні “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабағын өткізді. 

⚜️Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің” 6-11 сынып оқушыларына арнайы ұйымдастырылды.

✅Мақсаты- оқушыларды Берел қорымынан табылған археологиялық материалдардың негізінде ежелгі көшпенділер дәуірінің ақпараттық бірегей және көркемөнерлілігі жағынан үздік құндылықтарымен таныстыру болып табылады. 

9-8 сынып оқушылары “Өр Алтайдағы Берел қорымы-шығыстың мақтанышы” және “Жаhандық әлемдегі Берел қорымының мәдени мұрасын репрезентациялау” тақырыптарында баяндама жасады. 

Іс-шара соңында экскурсия бөлімінің басшысы А.Мухтарханов пен бас қор сақтаушы Ж. Сегізбаева белсене қатыстан оқушыларға Алғыс хаттарды табыстады. 

Сонымен қатар, мектеп музейінде “Берел” музей-қорығының қорынан бірқатар жәдігер ұсынылды. 

“БЕРЕЛ ҚҰПИЯЛАРЫ”

🗓️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсия бөлімі Катонқарағай ауылының “Жас турист бекеті” КММ-де “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабақты үйірме қатысушыларына өткізді.

⚜️ Сабақ соңында оқушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. 

✅”Берел” музей-қорығының қызметкері - Рамазанов Абылай. 

“БЕРЕЛ ҚҰПИЯЛАРЫ”

🗓️ “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Катонқарағай ауылының “Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі” КММ-де “Берел құпиялары” атты тарихи-танымдық сабақ өткізді. Сабақ 5,6,8-сынып оқушыларына ұйымдастырылды. 

✅ Оқушылар Берел қорғандарының тарихымен танысты. Әр жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, оқушыларға тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтау және вандализмге қарсы ақпарат берілді. 

Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. 

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Катонқарағай ауданының Өрел ауылына қарасты “Өрел орта мектебі” КММ оқушыларына тарихи-танымдық сабақ ұйымдастырылды. 

Оқушылар музей-қорықтың тарихымен танысып, Берел қорғандары жайлы ақпараттар алды. 

Сабақ “Берел” музей-қорығының кітапханасында өтті. 


“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Алтай қаласының 11 мектеп оқушыларына  “Берел-бедерлері” тақырыбында тарихи танымдық сабақ өткізілді. 

Қазақ Алтайындағы ежелгі көшпелілердің маңызы мен мәдениеті жайлы өткен сабақта оқушылар 2023 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

Сабақ соңында оқушылар өз ойларымен және “Берел” музей-қорығынан алған әсерлерімен бөлісті. 

“Берел” музей-қорығының баспасөз қызметі. 


🐎БЕРЕЛ ҚАЗЫНАЛАРЫ

📆 “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығы мен археологиялық қазба жұмыстарына 25 жыл толуын мерекелеу аясында, 

“Шығыс Қазақстан өнер музейі” КМҚК-да Берел музей-қорығының қорынан ұйымдастырылған “Берел қазыналары” атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті. 

⚜️Көрменің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен тарих факультетінің студенттері , қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

✅Көрмеде Берел қорымындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған 200 ге жуық жәдігер мен Есенғали Садырбаевтың суреттер топтамасы қойылды. 

✅ Көрме ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасын табады. 

📍Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 47а. 

Аммосов М.К. атындағы Саха (Якутия) Республикасының Республикалық мемлекеттілік тарихы музейі , “Берел” музей-қорығының кітапхана қорына Максим Аммосовтың өмірі мен қызметі жайлы кітаптарды тұрақты сақтауға өткізді. Әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

📆 Бүгін,“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 15 жылдығы мен “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған “Ботай. Дала өркениетінің бастауында” тақырыбында көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.

⚜️БОТАЙ- б.з.д. IV-III мыңжылдыққа жататын Еуразияның ерте жылқы өсірушілерінің әлемдегі бірегей қонысы. Ботай қонысында адамдар үлкен отбасыларда өмір сүріп аң аулаумен, балық аулаумен, керамика дайындаумен, сүйек, ағаш, тас өңдеп әртүрлі еңбек құралдарын жасаумен айналысқан. Көрмеде Ботай қонысының тарихынан сыр шертетін 140 жәдігер орналастырылды. ❇️ Көрме ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін, музейіміздің этнография залында орналастырылды.

“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында , экскурсиялық қызмет бөлімі Астана күніне орай “Ел жүрегі - Елорда” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрерменге елорда тарихынан сыр шертетін кітаптар назарға ұсынылды.

МЕН АРЕХОЛОГПЫН!

Шығыс Қазақстан облысының “Қонақжай жанұя” бағдарламасы аясында мемлекеттік тіл-Қазақ тілін үйрету мақсатында облыстан келген оқушылар жазғы дамалыстарының бір күнін Берел музей- қорығында өткізді. Осы күні балаларға танымдық экскурсия өткізіліп, арнайы “Мен археологпын” атты іс- шара, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар, археология мамандығы бойынша мәлімет алып, өздерін археологиялық қазба жұмыстарында сынап көрді. Болашақта мамандық таңдауға бағдар берілді.

Күршім шекара басқармасының, ТжК Б сарбаздары Катонқарағай өңірінің тарихымен танысу мақатында Берел қорғандарында болды. Танымдық экскурсия барысында Сақтардың мәдениетімен, сяньби және түркі кезеңдерімен мерзімделетін қорғандар тарихы таныстырылып, өңір тарихы туралы ақпараттар берілді.

РӘМІЗІМ МАҚТАНЫШЫМ!

Есеп және ғылыми-қор жұмысы бөлімінің қызметкерлері, 4 маусым - Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай кітап көрмесін ұйымдастырды. Мереке күні келушілер “Рәмізім мақтанышым” атты кітаптар топтамасымен танысты.


«Жасыл алан-2014»

С 25 по 27 июня на территории заповедника-музей «Берел» прошел ежегодный традиционный экоэтно-туристский слет детских, молодежный групп и формирований Восточного Казахстана «Жасыл алан 2014». Организаторами слёта выступили Катон-Карагайский государственный национальный природный парк совместно с историко-культурным заповедником-музеем «Берел».

В слете приняло участие 8 команд из Восточного Казахстана. Отличительной чертой нынешнего слета стало участие детей с ограниченными возможностями здоровья, а именно – участие воспитанников коррекционной школы-интерната для слабовидящих №1 города Зыряновска.

Целью экологотуристического слета является развитие этого движения в молодежной среде, пропаганда здорового образа жизни, обучение правилам поведения в природной и социальной среде, первичным туристическим навыкам, формирование интереса и уважения к культурному наследию и бережное отношение к окружающей природе.

 

«Номад» – в Катон-Карагае!

С 1 по 10 августа на территориях Катон-Карагайского национального парка и историко-культурного заповедника-музея прошли съемки первого в Казахстане международного телевизионного проекта «Номад» или «Кочевники».

Для участия в реалити-шоу пригласили по два человека из семи стран: Южная Корея, Япония, Монголия, Китай, Турция, Венгрия и из Алтайского края Российской Федерации, всего шестнадцать человек (включая пару из Казахстана). В течение недели участники шоу вели кочевой образ жизни. По итогам шоу лучшими участниками признали пару из Венгрии.

На сайте

Сейчас на сайте 155 гостей и нет пользователей