ыы

Шимайлы петроглифтері – тоғыздан астам петрголифтер шоғырланған орыннан және Молдажар шатқалындағы қола дәуірі қорымынан тұратын жартас суреттері кешені. Ықшамаудан аумағында шегінде жоғары патинацияланған негізгі тау жыныстары жақпарланып шығып тұрған бірнеше төбешіктер бар. Жалпы мұндай төбенің тоғыздан астам белгілі, ал кейбірінің өз аты бар. Соның бірі – жергілікті халық арасында Сардоңғал деген атпен белгілі ең биік төбе. Бірегей петроглифтердің ең көп саны осында шоғырланған және бұл кешен Шимайлы-I деп белгіленген (Сурет 1-3).

Шимайлы-I шоқысының биіктігі теңіз деңгейінен 1363 метр, географиялық координаттары: N 47° 41' 49,7"; Е 081° 40' 25,2". Жартастағы суреттер кей жағдайда тамырлар түзетін түпкі тау жыныстарының беткейлеріне, сондай-ақ жекелеген жартастарға, әсіресе төбе беткейлеріне салынған. Бұл петроглифтерді бірнеше топқа бөлуге болады. Ерте көшпелілер тарихының ең ерте кезеңі құстұмсық, көздері үлкен және аяқтары қысқа бұғылардың бейнелері арқылы көрініс тапқан. Сондай-ақ, мүйіздері әсем безендірілген, тұяғының ұшымен әдемі тұрғандығымен ерекшеленетін, реалистік аң стилінде жасалған фигуралар да бар. Сонымен қатар, петроглифтер арасында көнетүркілік аналогтарынан стилі жағынан айтарлықтай ерекшеленетін салт атты шабандоздардың бейнелері кездеседі. Бұл бейнелер «ғұн-сармат заманына» жатады. Бұл жылқы аяқтарының желіс үстінде емес, шабыс кезіндегі бейнеленуімен расталады. Бұл төрт аяғын тең тастаған жорғаның жүрісін еске түсіреді.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр