ыы

Арганаты петроглифтері теңіз деңгейінен 1011 м биіктікте орналасқан. Географиялық координаттары: N 47°27'19.96", E 83°27'22.80". Тарбағатай өңірінде Құйған ауылынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 5–6 шақырым жерде, қыстау маңында және тау етегінен шамамен 300 м жерде тегіс беткейдегі гранитті жартастың батыс жағында петроглифтер қашалған (Сурет 1-4). Суреттер негізінен аңшылық көріністермен байланысты. Мұнда мүйізі спираль тәріздене ширатылған арқар бейнелері, садақпен аң аулау, иттерді жабайы аңдарға салу көріністері бар. Көрші тастарда да антропоморфтық фигуралар, тау ешкілері мен жылқылардың бейнелері бар.

Ескерткіштің орналасқан жері – Ласты өзенінің бойында шығыстан батысқа қарай созылып жатқан тау сілемі. Бұл аумақ «Жақсы Арғанаты» және «Жаман Арғанаты» болып бөлінеді. Жергілікті тұрғындар оларды «Басқы Арғанаты», «Ортаңғы Арғанаты», «Аяққы Арғанаты» деп те атайды. М.Қашқари сөздігінде Арғанаты тау жотасының атауы «арғу» және «қанат» сөздерінің бірігуінен шыққан.

Онлайн кім

Қазір 45 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр