Түлкіне петроглифтері (Сурет 1). Ескерткіш Күршім ауданы, Бесжылдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 850 метр жерде, Күршім өзенінің сол жағалауында төбесі тегіс биік төбелерде орналасқан. Бұл төбелердің үстінде жақпар-жақпар болып қатпарлы тау жыныстары көрініп, жалаңаштанып жатыр. Осы ырсиып жатқан қатпар тастардың беттерінде, 1,5–2 шақырым радиуста әртүрлі кезеңдердегі жартас суреттері.
Түлкіне ескерткішінде белгілер мен символдар бедерленген 6 бет анықталып отыр. Бірінші бет (WGS1984 координаттары: 48°35'31.20"N 83°51'59.39"E) көкжиектен 45 градус экспозицияда тұр. Бетінде бір белгі бар (Сурет 2). Екінші бет (WGS1984 координаттары: 48°35'30.20"N 83°52'0.72"E) көкжиектен 45 градус экспозицияға ие. Бетінде үш белгі бар (Сурет 3). Үшінші бет (WGS1984 координаттары: 48°35'30.69"N 83°52'1.16"E) көлденең жатыр. Бетінде бір белгі бар (Сурет 4). Төртінші бет те (WGS1984 координаттары: 48°35'30.62"N 83°52'1.84"E) көлденең жатыр. Бетінде бірнеше белгілер бар (Сурет 5). Бетінің бір бөлігіне қазіргі заманғы бүлдіргіштер әдепсіз суреттер салып бүлдірген. Бесінші бет (WGS1984 координаттары: 48°35'30,33"N 83°52'1,56"E) тігінен тұр. Бетінде бір белгі бар (Сурет 6). Алтыншы бет те (WGS1984 координаттары: 48°35'29.72"N 83°52'0.54"E) тігінен тұр. Бетінде көптеген бейнелер бар (Сурет 7).
https://www.berel-museum.kz/kz/baza-dannykh/kurmchumskij-rajon/897-t-lkine.html#sigProId1fabbcd911