Доланалы петроглифтері (Сурет 1). Қолданыстағы ғылыми әдебиеттерде аттас Доланалы ескерткіштерінің жартас суреттері жиі шатастырылады. Бірінші Доланалы ескерткіші Марқакөл ауданы (Қазақстанның шығысындағы, 1928–1930, 1939–1963 және 1964-1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік, 2023 жылы 30 тамызда қалалық мәслихаттың шешімімен Марқакөл ауданы әкімшілік орталығы Марқакөл ауылы болып қайта құрылды) аумағында орналасқан. Ал төменде аталатын екінші ескерткіш Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында орналасқан. Бұл қателік, өткен ғасырдың аяғында екі ауданның біріктірілуінен туындады.
Бұл ескерткіштегі бейнелер қойтастарға және қара-сұр негізгі тау жыныстарының жақпарларына қашалған. Екі кезеңнің – қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің петроглифтері айқын көрінеді. Ерте темір дәуіріне бұғы мен тау ешкілерінің бейнелері кіреді, олардың кейбіреулері скиф-сібір аң стилінде жасалған.
Доланалы ескерткішінде белгілер мен символдар бедерленген 3 бет анықталды. Бірінші бет (WGS1984 координаттары: 48°35'52.02"N 83°56'23.90"E) көкжиектен 45 градус экспозицияға ие. Бетінде бір белгі бар (Сурет 2). Екінші бет (WGS1984 координаттары: 48°35'40.86"N 83°56'20.17"E) тік экспозицияда тұр. Бетінде бір белгі бар, оның текстурасы әрең ажыратылады, дегенмен жер бедерінен ерекшеленіп тұр (Сурет 3). Үшінші бет (WGS1984 координаттары: 48°35'31.63"N 83°56'16.95"E) көлденең жатыр. Бетінде екі белгі бар (Сурет 4).
https://www.berel-museum.kz/kz/baza-dannykh/kurmchumskij-rajon/896-dolanaly-petroglifteri.html#sigProIdef2e60e100