ыы
2025 жылдың 17 сәуірінде Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хамзаевич Хусаинов Катонқарағай ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан активімен кездесу өткізді. Іс-шараға «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ны директорының м.а А.Сарбасов қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының және «Заң мен тәртіп» нарративінің негізгі ережелерін түсіндіру болды. Кездесу барысында Роман Хусаинов қоғамда сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастырудың, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудың нақты мысалдары ұсынылды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Берел қорғандары аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл күннің мақсаты — бүкіл әлем бойынша мәдени мұраларды сақтау, қорғау және оларға деген құрметті арттыру. Ескерткіштер мен тарихи орындар — әрбір ұлттың өткенінен сыр шертетін асыл қазыналары. Сол себепті бұл күн тарих пен мәдениетті бағалау мен болашақ ұрпаққа жеткізу қажеттігін еске салады.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр